Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектепте оқушылар мен ата-аналар арасында 15.03.2023ж. күні «Менің балам кім?» тақырыбында психологиялық тренинг өтілді. Тренингтің мақсаты: Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту, баламен өзара қатынастиы жақсы түсіну, тбаламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру, балалармен бірге мейірімділікке , ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету. Тренинг барысында «Танысу» , «Жанұя ойыны», «Бұл өмірде мен кіммін?» жаттығулары жүргізілді. Сонымен қатар отбасында жиі кездесетін жағдаяттар талқыланды.