Мектептің қысқаша тарихы
1927 жылы Қызылқұмның етегінде,Сырдарияның жағалауында Шардара өңірінің орталығы болып келген Майқалада «1 май» атындағы бастауыш мектеп ашылады. Ұлы Отан соғысы жылдарынан алдын В.И.Ленин атындағы мектеп – интернаты болып құрылды. 1963 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп болып өз алдына шаңырақ көтеріп бөлініп шығады.
Сол жылдардан бері мектепті басқарған директорлар:
1.Қаныбеков Бараш -1963-1965ж.ж
2.Мадалиев Бекайдар-1966-1967ж.ж
3.Нұржанов Мамбетәлі-1967-1975ж.ж.
4.Оразбеков Жасұзақ-1975-1980ж.ж.
5.Алиев Оңғар-1980-1984ж.ж.
6.Мүтәлиев Сарсенбек-1984-2002ж.ж.
7.Бөлегенова Бибігүл-2002-2008ж.ж.
8.Бұрханов Нышанбай-2008-2013ж.ж.
9.Сүлейменова Кулзибира 2013 жылдан бері мектепті басқарып келеді.Жалпы оқушы саны 664, мектепте химия,биология,физика кабинеттерінде 3 мультимедиалық кабинет, 2 компьютер кабинеті жұмыс жасайды. 2010 жылдан бері Кеңес үкіметінің Батыры С.Аширов атындағы спорт клубы жұмыс жасап келеді. 2011 - 2012 жылдан бері мектепте 1200 экспонаттан тұратын мұражай жұмыс жасайды..
Мектеп тарихына ерекше еңбек еткен ардагер ұстаздардың, республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейде жетістікке жеткен мұғалімдер мен оқушылардың қысқаша мәліметтері.
«Оқу ісінің үздігі» медалімен марапатталған ұстаздар: Ж.Сулешев,С.Тілегенов,Қ.Әжікеев,Ж.Урбишева,Н.Бұрхан,С.Муталиев.
«Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталғандар: Г.Еркебаева,М.Дәуренов.
«III дәрежелі Еңбек Даңқ» орденімен,ҚР Білім министрінің Құрмет грамотасымен З.Оспанов марапатталған.
«Еңбектегі Ерлігі үшін» медалімен С.Көшалиева,,ҚР Білім министрінің Құрмет грамотасымен Н.Бұрханов, М.Дәуренов, Ә.Мұсақұлов, К.Сулейменова марапатталған. Халықаралық, республикалық деңгейде жетістікке жеткен оқушыларымыз: қазақ күресінен 2017 жылы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2018 жылғы Әлем Барсының күміс жүлдегері , қазақ күресінен 2019 -2022 жылдар аралығында Қазақстан республикасының жеңімпазы атанған Мұзаппаров Ерсұлтан , жетекшісі Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы М.Дәуренов. М.Дәуренов 2019 жылы Кипр мемлекетінде спорт шеберлері арасында самбо күресінен өткізілген әлем чемпионатында қола жүлдегері, 2019 жылы Астана қаласында спорт шеберлері арасында дзюдо күресінен өткізілген ҚР - ң чемпионатының жеңімпазы , 2021 жылы күрес түрлерінен ( қазақ күресі,дзюдо,самбодан) спорт шеберлері арасында ҚР - ң чемпионатының жеңімпазы атанды. Мектептің қыздар волейболшылар командасы 2019 жылы Ақтөбе облысы Хромтау қаласында өткізілген Қазақстан чемпионатында ІІ орын иегері, 2022 жылы Екібастуз қаласында өткізілген ҚР чемпионатында І орын иегері атанды. 2022 жылы Талдықорған қаласында өткізілген Республикалық ауыл жасөспірімдерінің ІV жазғы ойындарында ІІІ орын иегері, 2022 жылы Өскемен қаласында өткізілген ҚР-ң жасөспірімдер лигасының І орын иегері атанды, жаттықтырушысы облыстың үздік жаттықтырушысы Е.Қалдаров. Химия пәнінен 2016 жылы республикалық пән олимпиадасында М.Мәулен номинация алды, жетекшісі С.Танабаева.Педагог - психолог Маметова Динара Республикалық «Үздік психолог - 2019» байқауының «Кәсіби шебер» номинациясы иегері. Сонымен қатар,мектеп ұстаздары түрлі облыстық,республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.